Еңбек инспекциясы департаменті, полиция департаменті және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде профилактикалық іс-шара өткізді.

Еңбек инспекциясы департаменті, полиция департаменті және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде профилактикалық іс-шара өткізді.

Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, қызметкерлердің отбасылық-тұрмыстық жағдайларының жай-күйі, сондай-ақ өртті сөндіру және шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары мәселелері қаралды.

Өкілдер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жарақаттануды азайтуға және жеке құрам арасында тәртіпті нығайтуға бағытталған түсініктемелер мен ұсынымдар берді.

Мұндай іс-шаралар қызметте де, күнделікті өмірде де қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.