Астана қаласы бойынша Мемлекеттік инспекция департаменті жұмысының басымдықтары

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік инспекция департаменті жұмысының басымдықтары

 

2026 жылдың өткен кезеңінде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 1145 өтінішті қарады (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда келіп түскен өтініштер саны 16.07%-ға артты), 38 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою туралы 23 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 3,1 млн. теңгеге 7 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2026 жылдың өткен кезеңінде жалақы бойынша жалпы сомасы 49,2 млн. теңге берешек өтелді, осылайша 108 жұмыскердің еңбек және конституциялық құқықтары қорғалды.

Әкімдік жанынан әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия жұмыс істейді. 2025 жылы 6 отырыс өткізілді (2024 жылы 5 отырыс), 2026 жылы 6 отырыс өткізу жоспарланып отыр.

Еңбек ұжымдарындағы қатерлерге талдау тұрақты негізде жүргізіледі.

Департамент ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын әзірледі, оған сәйкес ұжымдық шарттарды цифрлау сияқты міндеттер белгіленген (37 дана енгізілді), ай сайын 5 дана мөлшерінде, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесіне электрондық еңбек шарттарын енгізу, жыл соңына дейін 492 267 (22 003 енгізілді), қызметкерлер еңбек міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ай сайын қамту жөніндегі жұмыстарды жүргізу (1541 жасалған) 345 шарт, жұмыс істеп тұрған белсенді заңды тұлғалардың кәсіби тәуекелін бағалау бойынша ай сайын 3 дана жұмыс жүргізу, тексерулер, арнайы тергеулер, түсіндіру сипатындағы жұмыстар жүргізу және т.б.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.