
Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханның төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыста қаладағы еңбек дауларының жай-күйі мен динамикасы, еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы коммуникацияны дамыту, сондай-ақ жанжалдық жағдайларды уақтылы анықтау және олардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тараптарға тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ашық диалогты дамыту жұмыстары жалғасуда.