Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. С. Мейірханның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті 5 отырысы өтті

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. С. Мейірханның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті 5 отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейірханның төрағалығымен, әлеуметтік әріптестік тараптарының және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті 5 отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, Астана қаласындағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы, еңбек ұжымдарындағы еңбекақы төлеу мәселелері және автобус жүргізушілерінің еңбек қабілеттілігін арттыру мақсатында демалыс бөлмелерін жабдықтау бойынша мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының 25 жылдық мерейтойына орай Астана қаласы әкімдігінің атынан алғыс хат табысталды.