Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өндірістік жарақаттанудың алдын алу шеңберінде "MOD Urban" ТҮК құрылыс объектісінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды және еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша еңбек ұжымымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Статистикаға сәйкес, жазатайым оқиғалардың көпшілігі құрылыс алаңдарында орын алады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жұмыс берушілер, сондай-ақ қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды мүлтіксіз сақтауға міндетті.