«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ өндірістік жарақаттардың алдын алу мақсатында Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Абай көшесі, 103-үй мекенжайында орналасқан «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, қызметкерлерге еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны – 2317 адам. Кездесуге учаске бастықтары, шеберлер, сондай-ақ кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары қатысты.