Кәсіподақтармен, "Парыз" жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша.

Кәсіподақтармен, "Парыз" жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында кәсіподақтармен "Парыз" жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласының Кәсіподақ орталығында жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесуге

Астана қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Т. Н. Кунадилов, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының басшысы А. Ж. Қасенова, "PARYZ" ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық конфедерациясы Бас директорының орынбасары Ш.К. Әбікенова, сондай-ақ құрылыс кешенінің салалық кәсіподақтары қалалық филиалдарының төрағалары қатысты және ТКШ, мемлекеттік, банк мекемелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы.

Күнтәртібінде құрылыс секторында бейресми жұмыспен қамту деңгейін төмендету, ЕСЖТҚ жүйесінде еңбек шарттарын жасасу бойынша кәсіпорындар арасында қамтуды арттыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу, қолданыстағы ұжымдық шарттарды цифрландыру мәселелері талқыланды.

Астана қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов Астана қаласында құрылыс алаңдарында еңбек шарттарын жасаспай еңбек қызметін жүзеге асыратын жалдамалы қызметкерлер жиі жұмыс істейтінін ерекше атап өтті.

Көрсетілген мән-жайларға назар аударып, қалыптасқан жағдайды шешу жөнінде ұсыныстар енгізу қажет. Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік әріптестер бірлескен жұмысты күшейтуге және құрылыс компанияларының басшыларын кезекті қалалық үшжақты комиссияға шақыруға келісті.