KIOSH еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық Конференция мен көрме.

KIOSH еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық Конференция мен көрме.

Ағымдағы жылдың 28-30 мамыр аралығында Астанада өтетін KIOSH 2025 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме аясында отандық және шетелдік сарапшылар кең ауқымды мәселелерді талқылауда. «Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессия барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы туралы айтты.