Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе маршруттарын іске қосу аясында тұрақты жұмыс жүргізуде. Мәселен, осы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл мемлекеттердің қатарында Мажарстан, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар.
«SCAT» әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр:
Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық авиамаршруттарды іске қосуды жоспарлап отыр:
«Fly Arystan» әуе компаниясы:
Өзбекстандық «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы биылғы жылдың 5 мамырынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Ташкент (Өзбекстан) бағытын іске қосты.
Сондай-ақ, осы жылдың 13 мамырынан бастап «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясы Астана – Баку (Әзірбайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігі аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.