Көлік министрлігі өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Көлік министрлігі өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңір оқушыларымен кездесіп, көлік саласы мен жоғары сұранысқа ие мамандықтар туралы сөз қозғады. Бұл кездесу министрлік өкілдері атқарып жүрген кәсіптік бағдар беру жұмысының жалғасы. Басты мақсат — оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу. Кездесуге өңірдің сегіз мектебінен 200-ден астам оқушы қатысты.