Көлік вице-министрі СҚО тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Көлік вице-министрі СҚО тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Тұрғындармен кездесуде көлік вице-министрі азаматтардың министрлік құзыретіндегі автожол құрылысы, көлік және логистика, азаматтық авиация және тағы басқа да сұрақтарға жауап берді.

Талғат Ластаев өз сөзінде өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайтынын айтты. Биыл  орташа жөндеу жұмыстарымен 381 шақырым жол қамтылады.

Бүгінгі күні СҚО бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 автоматтандырылған өлшеу жүйесі («Челябинск –Новосибирск» Жаңажол а/ж өткізу пунктінде, 465 км.) және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 2 автоматтандырылған өлшеу жүйесі (Тайыншы кенті және Новоишимка кенті, Ғабит Мүсірепов) орнатылды. Сондай-ақ биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында екі қосымша автоматтандырылған өлшеу жүйесін орнату жоспарлануда.

Теміржол көлігі саласында еліміз бойынша 125 вокзалды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша, Жаңаесіл және Саумалкөл вокзалдарын жаңарту және реконструкциялау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ халықпен кездесу барысында өңір тұрғындары батыс және шығыс өңірлерге әуе рейстерін ашу, Петропавл-Алматы әуе рейсін субсидиялауды жалғастыру, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерін беру, күн сайын немесе күнара жол жүру жиілігімен "Тальго" пойызының кестесін өзгерту мәселелерін көтерді.

Халықпен кездесуден кейін Талғат Ластаев азаматтарды жеке қабылдады. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.