Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді

Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді

      Қазақстан жол сапасын жақсарту және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту бағытында жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. 2025 жылы елімізде заманауи Superpave технологиясы, яғни «суперасфальт» стандарты енгізіле бастайды. Бұл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды.
 Биылғы жол-құрылыс маусымында елімізде Superpave әдістемесі бойынша жеті сынақ учаскесін салу жоспарланып отыр.

          «Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – бұл АҚШ-тың Мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Аталған жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

          Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.