2025 жылғы 21 сәуір күні ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі.
Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 12:40-та Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында өтеді. Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет Сәмбетбаев