Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан халықаралық әуе қатынасы 28 елмен аптасына 660 рейс жиілігімен 121 әуе бағыттары бойынша орындалады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.
Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс.
«Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:
Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;
Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
«Qazaq Air» әуе компаниясы биылғы жылы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлануда.
«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;
Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.
Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялар Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:
7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;
Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;
Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;
Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;
3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;
13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;
2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді.