«Eastar Jet» бюджеттік әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастады

«Eastar Jet» бюджеттік әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастады

Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру аясында тұрақты жұмыс жүргізеді.

Биылғы жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстанға Оңтүстік Кореяның «Eastar Jet» лоукостер яғни бюджеттік әуе компаниясының ұшақтары ұша бастады.

Әуе компания "Сеул-Алматы" бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен жолаушыларды тасымалдайды. Бұл 2024 жылғы наурызда екі елдің авиациялық билігі арасында болған келіссөздер нәтижесінде мүмкін болды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік,инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық одан әрі дамымақ.