Тұрғындармен талқыланған басты тақырыптың бірі Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтіп, Астананы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожол құрылысы болды.
Сондай-ақ министр Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтып жеткізді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.