Бүгін Павлодар қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №22 орта мектебі алаңында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров оқушылармен кездесіп, көлік саласы туралы айтып берді. Іс-шараға Павлодар облысы білім басқармасының өкілдері және қаладағы 128 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Спикерлер қатарында "ҚТЖ" АҚ, "Қазаэронавигация" АҚ, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК және Торайғыров университетінің өкілдері болды.
Спикерлер көлік саласындағы мамандықтарға түсу шарттары мен сала мамандықтарының артықшылығы мен ерекшелігі туралы баяндады.