Еуропалық комиссардың Астанаға алғашқы сапары аясында тараптар көлік саласындағы бірқатар мәселені, атап айтқанда ТХКБ, ТЕН-Т дәліздерін, әуе көлігі мен теңіз порттарын талқылады.
Қазақстандағы өңірлік маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыратын Еуропалық Global Gateway стратегиясына баса назар аударылды.
Ынтымақтастықты одан әрі нығайту ұзақ мерзімді перспективада Еуропа одағы мен Орталық Азия арасындағы өзара байланыстың жақсаруына әкеледі деп күтілуде.