Бүгін Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі Ғ. Әлиханованың қатысуымен кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде семинар өтті.
Семинарда заңнаманың салалары (кіші салалары) бойынша құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.
Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңнамалық және заңға тәуелді құқықтық актілерге мониторинг жүргізу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық нормаларын айқындауға және оларды болжау жолымен жетілдіру және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау, әзірлеуге байланысты проблематика талқыланды.
Жалпы, семинарды өткізу құқықтық мониторинг саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.