Жолдарды сақтау үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату тапсырылды

Жолдарды сақтау үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату тапсырылды

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша норматив асып кеткен жағдайда көлік жолдарға жіберілмейді.

«Автожолдардың нормативтік жағдайын сақтау – басым міндеттің бірі.
Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды тапсырамын.
Сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмысын жеделдетіп, нормативтен асып кеткен жағдайда, жолға шығуына рұқсат бермеген жөн»,


— деп атап өтті Олжас Бектенов.