Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшысы Алтай Әлі мен Бас көлік прокурорының орынбасары Руслан Исаевтың төрағалығымен Алматы қаласында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді, сондай-ақ жел генераторларының құрамдас жабдықтарын тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске аумақтық инспекциялардың басшылары, жұмыс тобының қатысушылары, «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталары, қауымдастықтар мен тасымалдаушылар қатысты.
Жиын барысында кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды. Мысалы, арнайы рұқсат алған жағдайда«Нұр-Жолы» кеден бекеті аймағындағы 1,5 шақырымдық автожол учаскесінің бағытын келісу процесі алынып тасталады.
Сондай-ақ, жолдардың мерзімінен бұрын тозуын және көлікке тиелген жүктің белгіленген нормадан аспауы үшін Алматы облысындағы Лавар ауылының маңында стационарлық автоматтандырылған өлшеу құрылғысын орнату жоспарлануда.