
Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа, жетілдірілген тетігін әзірледі. Жаңа механизм адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.
Шетелдік рұқсат бланкі (ШРБ) — бұл тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін құжат.
3.Енді тапшы бланкілерде компанияның атауы және автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.
4.Жаңа тетік шеңберінде автомобильдердің кіру және шығу фактілерін тіркеу «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ШРБ-ны көлеңкелі нарықта қайта сатудың алғышарттарын жоққа шығарады.
5.Тасымалдаушының жеке кабинетіне хабарлама келген сәттен бастап 30 күн ішінде нақты бланк бойынша шетелге шығуға болады. Ескі механизм бойынша бұл көрсеткіш 100 күнге жеткен.
6. Бұрын төлем екі жолмен жүзеге асырылған: екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе онлайн, міндетті мерзімі 5 жұмыс күніне дейін. Енді тек онлайн төлем қарастырылған, ол 40 минут ішінде орындалуы кажет. Төлем туралы ақпарат электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы алынады.
7.Бүгінгі таңда Қазақстан 42 елмен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асырады. Биыл рекордтық алмасу жасалды — 364 705 ШРБ.