ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс

 

Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2025 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршруттар бойынша 2024 жылғы 10 желтоқсанда конкурс өткізу туралы жариялайды:

 

Авамаршруттыатауы

Аптасына жиілік саны

(кезең)

Тариф

(бір бағытта ұшу), теңге

Бөлінген сома, теңге

1.

Петропавл-Шымкент-Петропавл

2 (12 ай)

25 000

337 244 187

2.

Көкшетау-Шымкент-Коөшетау

2 (12 ай)

25 000

312 994 227

3.

Өскемен -Қараганды Өскемен

2 (12 ай)

18 000

252 365 169

4.

Алматы-Балқаш-Алматы

6 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

14 000

192 865 885

5.

Астана-Үрджар-Астана

6 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

16 000

179 307 450

6.

Астана-Үшарал-Астана

5 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

18 000

188 157 992

7.

Көкшетау-Ақтау-Көкшетау

2 (12 ай)

30 000

488 817 794

8.

Алматы-Көкшетау-Алматы

2 (12 ай)

30 000

401 448 180

9.

Астана-Петропавл-Астана

7 (12 ай)

15 000

396 625 919

10.

Алматы-Петропавл-Алматы

5 (6 ай – қаңтардан маусымға дейін)

30 000

196 587 007

11.

Алматы-Үрджар-Алматы

4 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

14 000

135 511 541

12.

Алматы-Үшарал-Алматы

6 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

18 000

138 845 889

13.

Астана-Балқаш-Астана

4 (3 ай - маусымнан тамызға дейін)

14 000

123 939 953

14.

Түркістан-Ақтау- Түркістан

2 (12 ай)

28 000

296 290 633

15.

Түркістан -Ақтөбе- Түркістан

2 (12 ай)

31 000

239 536 585

16.

Түркістан -Орал- Түркістан

2 (12 ай)

33 000

261 053 912

17.

Түркістан -Қостанай- Түркістан

2 (12 ай)

31 000

268 788 628

18.

Түркістан -Қарағанды- Түркістан

2 (12 ай)

20 000

304 804 694

19.

Тараз – Алматы – Тараз

7 (12 ай)

16 000

380 469 570

20.

Тараз – Атырау – Тараз

7 (12 ай)

28 000

281 881 180

21.

Жезқазған- Қарағанды - Жезқазған

4 (12 ай)

10 000

383 918 087

22.

Астана-Павлодар-Астана

4 (6 ай – қаңтардан наурызға дейін, қазаннан желтоқсанға дейін)

15 000

183 809 535

23.

Жезқазған -Шымкент- Жезқазған

2 (12 ай)

18 000

276 268 428

24.

Қызылорда-Көкшетау-Қызылорда

2 (8 ай – қаңтардан тамызға дейін)

21 000

196 906 556

25.

Семей-Үрджар-Семей

5 (1 ай - қаңтар)

3 (11 ай – ақпаннан желтоқсанға дейін)

14 000

277 983 000

26.

 

Өскемен-Зайсан- Өскемен

4 (9 ай – қаңтардан мамырға дейін,  қыркүйектен желтоқсанға дейін)

5 (3 ай – маусымнан тамызға дейін)

15 000

187 100 000

Барлығы:

 

 

6 883 522 000

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;

      2) «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 болып тіркелген) Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар, субсидиялауға жататын, басым халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурсқа қатысу кезінде халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлігі бар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар;

      5) тасымалдау сыйымдылығы кемінде 50 (елу) креслоны (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) құрайтын әуе кемелері бар.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

          2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

          3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

          4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

          5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);

          6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

          7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

          8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

          9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

          10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;

          11) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік (субсидияланатын халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурсқа қатысқан кезде) беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелер болмауы тиіс.

Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 9 желтоқсан сағат 18:30 келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 (алдынала бір сағат бұрын +7 7172 572 189 телефонына хабарласу қажет).

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасын ашу 2024 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 7 қабатта конференц-залында өтеді.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы +7 7172 572 189 номері арқылы алуға болады.