Хабарландыру «Шымкент-Қызылорда Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы 582 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің «Шымкент-Қызылорда Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы 582 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Бұл жобалар ҚР 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау ҚР көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады.
Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.