
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда
Көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.
«Ай сайын азаматтарды қабылдап, өңірлердегі тұрғындармен кездесу өткізуге тырысамыз. Бұл кері байланысты айтарлықтай нығайтуға және тұрғындарға консультативтік және ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Негізінен тұрғындар жол құрылысы, автоматтандырылған өлшеу жүйесін орнату, теміржол және әуе рейстерінің санын арттыру және басқа да мәселелерді көтереді», - деді министр.
Жалпы бұл кездесулерге 100-ге жуық адам келді.
Барлық өтініш берушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.