QAZAQ AIR Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады

QAZAQ AIR Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті рейстерге келесі кесте бойынша қосымша ұшуларды енгізеді:

Сейсенбі және бейсенбі күндері:

IQ 385 Астана (07:45) - Ақтөбе (09:50)

IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20)  

Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады. Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді.  

Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.