Хабарландыру «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Үшарал – Достық ақылы негізде пайдалану туралы» » Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Үшарал – Достық ақылы негізде пайдалану туралы бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды.

​Бұл жобалар ҚР 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау ҚР көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемдідамытуға мүмкіндік береді.

​Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады.

​Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.

Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15180726