Қазақстан Қырғызстанмен авиациялық іздеу және құтқару саласындағы келісімді ратификациялады

Қазақстан Қырғызстанмен авиациялық іздеу және құтқару саласындағы келісімді ратификациялады

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды.

Бұл Келісім Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИKAO) талаптарына сәйкес қабылданды, оны Қазақстан толық көлемде сақтайды.

Келісімнің негізгі міндеттері апатқа ұшыраған әуе кемелерінің немесе апатқа ұшыраған жолаушылары мен экипаждарын іздеу және құтқару үшін өзара ынтымақтастықты нығайту, авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау, жолаушыларды іздеу және құтқару жөнінде қажетті шаралар қабылдау, іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, Ақпарат және тәжірибе алмасу болып табылады.

Осындай келісімдер Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен де бар.

Сондай-ақ, басқа шекаралас елдермен келісімдерге қол қою жоспарлануда.