Көлік министрлігінде Комитет төрағаларының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Көлік министрлігінде Комитет төрағаларының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Бақытжан Качаков пен Нұржан Келбуғанов Көлік министрлігіне қарасты Комитет төрағаларының орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды

Бақытжан Качаков ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Б.Качаков 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін және Қазақ-Американдық Университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы бастады. Әр жылдары «Компания Терра Холдинг ЛТД» ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, Медеу ауданы Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің маманы, салық инспекторы болып, Алматы қаласы Салық комитеті Халықаралық салық салу басқармасының бас маманы – бас салық инспекторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті салық аудиті басқармасының сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы аппараты Басқарма Төрағасының кеңесшісі жұмыс істеді.

Нұржан Келбуғанов ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Н. Келбуғанов 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын және М. О. Әуезов атындағы Семей университетін бітірген. Еңбек жолын «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Алматы жол бөлімшесі» филиалының паркі бойынша кезекші болып бастады. Әр жылдары тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, станция бойынша кезекші, орталықтандыру бекетінің аға операторы, жол диспетчері және бірқатар станциялардың бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Ақмола жол бөлімшесі» филиалы директорының жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі» филиалының директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау бойынша орынбасары болды.