ПЕРЕВОЗЧИКАМ В КАЗАХСТАНЕ ВЫСТАВЯТ ШТРАФ ЗА ХОЛОДНЫЕ ВАГОНЫ И ПЛОХОЙ СЕРВИС

 ПЕРЕВОЗЧИКАМ В КАЗАХСТАНЕ ВЫСТАВЯТ ШТРАФ ЗА ХОЛОДНЫЕ ВАГОНЫ И ПЛОХОЙ СЕРВИС

ҚР ИДМ Көлік комитетінің комиссиясы еліміздегі жолаушы пойыздарын тексеруді жалғастыруда. Астана-Қостанай учаскесінде «Түрксіб Астана» тасымалдаушысының  №43/44 Алматы-Қостанай пойызын тексерді.

Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған: вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, жолаушылар пойызында қызмет көрсету және т.б. Бұдан бөлек, жолаушылар бірқатар вагондардың салқын екенін айтып шағымданған.

Тексеру қорытындылары бойынша «Түрксіб Астана» ЖШС-не 1,9 млн. теңгеден астам айыппұл салу жоспарланып отыр.

Келісімге сәйкес тексеру актілері анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданып, бұдан былай кемшіліктерге жол бермеу үшін тасымалдаушыға жіберіледі.

Комиссиялық тексеріс әрі қарай жалғасуда.