Қазақстан мен Латвия азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Латвия азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев ЕО депутаты Андрикс Америкспен және Латвияның көлік вице-министрі Улдис Рейсаниспен кездесті

Тараптар көлік және өңірлік байланыс жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша меморандум жасасу туралы сөйлесті.

ҚР Көлік министрлігінің басшысы латвиялық инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

«Жақын арада қазақстандық көлік компаниялары мен бизнес құрылымдарының қатысуымен мен бастаған делегацияның Балтық елдеріне жұмыс сапары күтілуде, бұл біздің көлік саласындағы қарым - қатынасымызды нығайтатынына сенімдімін»,деді М.Қарабаев.

ЕО депутаты Андрикс Америкспен және Латвияның көлік вице-министрі Улдис Рейсанис Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екендерін айтып жеткізді. Кездесу соңында Марат Қарабаев Латвиядан келгенәріптестері мен делегацияны осы жылдың 19-21 маусымында Астана қаласында жоспарланған New Silkway форумына шақырды. Іс-шара Көлік және логистика саласындағы халықаралық деңгейдегі әріптестікті кеңейтуге бағытталған.