Түркістандағы теміржол вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Түркістандағы теміржол вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Өңірлер бойынша кезекті жұмыс сапары кезінде Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына барып, көлік инфрақұрылымының негізгі объектілерінің жұмысымен танысты

Түркістан қаласында еліміздің көлік саласына жауапты министр бұл аймақтағы ең көне және әдемі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірісаналатын теміржол вокзалына барды. Бүгінгі таңда станция 17 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді, оның ішінде 3 халықаралық бағытта. 1904 жылы бой көтерген ғимарат тәулігіне мың жолаушыға қызмет етуге қауқарлы.

Министрге жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы, атап айтқанда қала әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленгені туралыайтылды. Шатырды, қасбетті, баспалдақ алаңдарын, жолаушылар платформаларын, жуынатын бөлмелерді, инженерлік және төмен ток жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Басқа аймақтық вокзалдарда сияқты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнап бейімделу құрылғыларымен және ақпараттық табло-кестелермен жабдықтау қажеттілігі бар.

Сондай-ақ Марат Қарабаев автовокзалда болып, жолаушылар тасымалы саласындағы істердің ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен танысты. Содан кейін ол 2020 жылы салынған Халықаралық Әзірет Сұлтан әуежайының қызметін бағамдап қайтты.

Бүгінде Түркістан қаласынан Стамбул мен Кувейтке 23 ішкі (6 маршрут) және 7 халықаралық рейс орындалады. 2023 жылдың 10 айында өткізуқабілеті сағатына 450 жолаушы болатын әуе айлағы 314 мың жолаушыға қызмет көрсеткен.

2024 жылғы наурызда Түркістан облысының әкімдігі мен Turkistan International Airport ЖШС арасындағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталады. Сондықтан қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган әуежайды бірлесіп дамыту үшін белсенді түрде инвестор іздестіріп жатыр.

Одан әрі Марат Қарабаев Шымкентке барып, «Түркістан-Шымкент» жолының ақылы учаскесінің сапасын тексереді. Мегаполиске келгенсоң көлік министрі қала әуежайы мен теміржол вокзалына баруды жоспарлап отыр.