Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады

Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе көлігінің қолжетімділігі мен дамуы үшін қазақстандық әуетасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр.

Атап айтқанда, министрлікпен «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа шетелдік әуекомпанияларына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауғабағытталған өзгерістер енгізілді.

Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды.

Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр.

Айта кетерлігі, «Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларындақолданылады.