
Бүгінгі таңда жоба бойынша жүріп жатқан жұмыстар 70 пайызға аяқталған
Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Шамалған станциясының айналма жолықұрылысының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта жобаның 70%-дан астамы іске асырылған. Жолдың төменгі қабаты бойынша 3 км және жоғарғы қабаттың 2 шақырымы төселген, эстакада мен 2 көпірдің құрылысы аяқталуда. Аталған жол учаскесін 2022 жылыпайдалануға беру жоспарланған болатын.
«Бұл учаске Шамалған станциясындағы көлік ағынын төмнендетуге ықпал етіп, кептелісті азайтуға және экологиялық жағдайға оң әсер етеді. Қазіргі таңда көлік қозғалысы ұзындығы 9 км автожолдың ескі учаскесі бойынша жүзеге асырылуда. Мердігерлердің алдына жылдың соңына дейін Шамалған станциясының айналма жолыбойынша жол қозғалысын қамтамасыз ету міндеті қойылды»деп атап өтті министрлік басшысы.
Сондай-ақ бүгін Марат Қарабаев «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолының учаскесінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бағамдапҚорғасқұрғақ портының жұмысымен танысты.