«The Hansa Consortium» неміс компаниясы Ақтөбе қаласының әуежайында мультимодальды хаб құру жобасын іске асыруға мүдделі

«The Hansa Consortium» неміс компаниясы Ақтөбе қаласының әуежайында мультимодальды хаб құру жобасын іске асыруға мүдделі

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың «The Hansa Consortium» неміс компаниясының басшылығымен кездесуі өтті.

Компания авиациялық терминалдар мен құрылыстарды, авиациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстарға, отын кешендерін салу жобаларына маманданған, Шереметьево (Ресей), Кербала (Ирак), Кветта (Пәкістан) сияқты халықаралық әуежайлардың авиациялық терминалдары мен құрылыстарын жаңғырту жобаларына, БАӘ, Сауд Арабиясы және Филиппинде отын кешендерін салу жобаларына қатысқан.

Неміс компаниясының өкілдері Ақтөбе қаласының жаңа әуежайын салу және басқару жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысу үшін 500 млн.доллар инвестициялау ниеті туралы хабарлады.

Инвестициялық ұсыныс ретінде компания Ақтөбе әуежайы базасында өңірлік мультимодальды хаб, авиациялық техникалық орталық құруды, жолаушылар мен жүк ағындарының көлемін айтарлықтай арттыруды, жаңа жұмыс орындарын ашуды ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жоба бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.