Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының Көлік іс-шаралары жөніндегі іс-қимыл жоспары қабылданды

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының Көлік іс-шаралары жөніндегі іс-қимыл жоспары қабылданды

2023 жылғы 22-25 мамырда Тбилиси қаласында (Грузия) Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ОАӨЭЫ) шеңберінде Көлік секторы жөніндегі үйлестіру комитетінің 20-шы отырысы өтті.

Отырыс аясында теміржол, жол активтерін басқару, жол қозғалысы қауіпсіздігі, авиация және трансшекаралық көлік және логистика салаларындағы соңғы оқиғалар, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі жоспарлар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОАӨЭЫ көлік іс-шаралары жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.

«Бүгінгі таңда Орталық Азия бірегей транзиттік-көліктік мүмкіндіктері және тұтастай алғанда айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар әрі қарқынды дамып келе жатыр.Сондай-ақ осы өңірде көлік-транзиттік әлеуетті дамыту және көлік дәліздерін жаңғырту үшін Қазақстан зор күш-жігер жұмсауда», - деп атап өттіотырыс барысында сөйлеген сөзінде ҚР ИИДМ Көлік саясаты және инфрақұрылым департаментінің директоры Сапар Бектасов.

Оның айтуынша, Қазақстан арқылы Еуропадан Орталық Азияға, Қытайға және Оңтүстік-шығыс Азияға ең қысқа жолдар өтеді. Біз тиімді транзиттік трансконтиненталды дәліздер мен маршруттар желісін құрдық. Еліміз бойынша 13 халықаралық көлік дәлізі бар, оның ішінде 5 темір жол және 8 автомобиль дәлізі бар.

Орталық Азия бағыты бойынша елімізден жыл сайын Қазақстанның оңтүстігінде 30 млн. тонна экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді, яғни Орталық Азиядан Еуропаға, Қытайға, Ресейге және кері бағытта өткізіледі.

Бұдан басқа, ҚР ИИДМ өкілдері ОАӨЭЫ темір жол көлігі жөніндегі жұмыс тобының (ӨСЖТ) 7-ші отырысына қатысты. Онда ӨСЖТ-ның алдыңғы отырыстарында келісілген техникалық көмек іс-шаралары шеңберіндегі жетістіктер талқыланып,темір жолдарды реформалау мен коммерцияландырудың басты тақырыптары бойынша білім алмасу бойынша сессиялар өткізілді.

Сондай-ақ, автомобиль жолдары саласына арнайы шара ұйымдастырылды. Тақырыптық семинар барысында жол активтерін және жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйелері тақырыптары қамтылды.