Қазақстанда халықаралық жүк автотасымалымен айналысуға рұқсат беретін куәлік пен көлікке арналған рұқсат карталарын алу тәртібі туралы

Қазақстанда халықаралық жүк автотасымалымен айналысуға рұқсат беретін куәлік пен көлікке арналған рұқсат карталарын алу тәртібі туралы

Елімізде шетелдік бағыттар бойынша көлікпен жүк тасу үшін халықаралық жүк автотасымалына рұқсат беретін куәлік пен автомобильге арналған рұқсат карталары болуы қажет. Бұл міндетті талап саналады.

Рұқсат беру куәлігі мен көлікке арналған рұқсат карталары пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдеріне (тіркемені қоса есептегенде), сондай-ақ белгілі бір жүк түрлерін таситын арнайы автокөліктерге беріледі.

Аталған рұқсат құжаттарын алу тәртібі ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 24 тамыздағы №523 бұйрығында қарастырылған халықаралық жүк автотасымалын жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушыларына рұқсат құжаттарын беру ережелерінде бекітілген.

Қажетті құжаттарды ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық органдарынан алуға болады. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылып, 2 жұмыс күн ішінде электронды түрде көрсетілетінін айта кету керек. 

Рұқсат беру куәлігін алу бойынша көрсетілетін қызметке  0,25 АЕК мөлшерінде баж салығы қарастырылған. Бұл сома республикалық бюджетке түседі. Ал автокөлікке арналған рұқсат картасы тегін беріледі.

Бұл құжаттарды алу үшін өтінішті «Электронды үкіметтің» веб-порталына жіберу қажет (www.egov.kz, www.elincense.kz).

Шетелдік рұқсат құжаттарын қолданбай рұқсат беру куәлігі мен автокөлікке арналған рұқсат карталарын алу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

1) электронды түрдегі өтініш;

2) АКҚ-на нотариалды куәландырылған жалдау шартының электронды көшірмесі (АКҚ-ын жалға алған жағдайда);

3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесі;

4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесі.

 

Шетелдік рұқсат құжатын қолдану арқылы рұқсат беру куәлігі мен автокөлікке арналған рұқсат карталарын алу үшін келесідей құжаттар ұсынылуға тиіс:

-  шетелдік рұқсатты қарастырмайтын құжатты алған күннен бастап 2 (екі) жыл өткен соң шетелдік рұқсат құжатын алуға болады;

-  халықаралық жүк автотасымалының жүзеге асыру мерзімі 2 (екі) жыл ішінде мынадай құжаттармен расталады:

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) Қағидалардың 8-тармақтарында көзделген құжаттар:

- Қызмет алушының рұқсат карточкалары алынған АКҚ қатысуымен тасымалдауды жүзеге асырғанын растайтын электрондық шот-фактураларды қоса бере отырып, алдыңғы екі жылдың әрбір 3 айы үшін ТТН, CMR, кемінде 1 ТТН және / немесе CMR;

- есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтермен;

- заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жұмыскерлерінің болуы мен санын растайтын жеке табыс салығы және алдыңғы 2 жылдағы әлеуметтік салық бойынша декларация нысандарымен;

- жүк АКҚ жүргізушілерінің еңбек шарттарының көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен жұмысқа орналастырылған қызметкерлер туралы мәліметтермен;

- электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші карточкаларымен;

- Қазақстан Республикасында уақытша және/немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдік тұлғаның (жүргізушінің) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзіміне Қазақстан Республикасының аумағында болуына рұқсат беретін құжаттармен қамтамасыз етіледі.

3) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдау шартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесі;

4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесі;

5) жартылай тіркемені (тіркемені)қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесі;

6) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

7) экологиялық қауіпсіздік сыныбының нотариалды куәландырылған растамасының электрондық көшірмесі.

 

Міндетті түрде ескерген жөн, рұқсат беру куәлігі мен көлікке арналған рұқсат карталарының қолданылу мерзімі шектеулі және келесідей түрлерге бөлінеді:

- шетелдік рұқсатты қарастырмайтын құжат 2 жылға беріледі (шетелдік рұқсат талап етілмейтін елдерге және ЕАЭО елдерінің ішінде тасымалдау);

- шетелдік рұқсат құжаты 5 жылға беріледі (шетелдік рұқсат талап етілетін елдерге тасымалдау);

- шетелдік рұқсат құжатынсыз автокөлік рұқсат карталары 2 жылға беріледі;

- шетелдік рұқсатты қолдану арқылы автокөлік рұқсат карталары 2  жылға беріледі.

Щетелдік рұқсатты қарастыратын және қарастырмайтын рұқсат карталары 2 жылға беріледі және әрбір жүк тартқыш пен жартылай тіркемеге (тіркемеге) жеке ресімделетінін айта кеткен абзал.

Рұқсат беру куәлігі мен автокөлікке арналған рұқсат карталарын басқа отандық тасымалдаушыларға, яғни бір қолдан екінші қолға тапсыруға тыйым салынған. Кез келген жүк көлігіне біреуден артық рұқсат картасы берілмейді.