KTZ Express Қытайдан Ресейге металл жеткізілімін қайта жандандырды

KTZ Express Қытайдан Ресейге металл жеткізілімін қайта жандандырды

KTZ Express Қытайдан Ресейге металл жеткізілімін қайта жандандырды

 

 

Жалпы салмағы 2400 тонна 84 темір контейнерден тұратын пойыз наурыз айының соңында Үрімші стансасынан (ШҰАР, ҚХР) Достық шекаралық пункты арқылы Муром-1 стансасына (РФ) жіберілді.

 

Одан әрі жүк Ресейдегі мырышталған болаттың ірі өндірушісі болып табылатын «РусТехнологии Муром» ЖШС зауытына жеткізіледі.

 

1520 мм тар табанды жолдың ұзындығы 4300 шақырымды құрайды, оны жедел пойыз 7 күнде жүріп өтті.

 

Болашақта пойыз тұрақты негізде айына екі мәрте жүретін болады.

 

Осы жобадағы «KTZ Express» АҚ серіктесі ретінде «Трансконтейнер» ЖАҚ бой көрсетті.