Теміржол вокзалдары үшін 40 000 маска сатып алынды

Теміржол вокзалдары үшін 40 000 маска сатып алынды

Теміржол вокзалдары үшін 40 000 маска сатып алынды

Пойыздар мен вокзалдарды дезинфекциялау – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше назарында.

 

- Осынау ауыр кезенде теміржолшылар күштері мен қаржыларын жедел жұмылдыра білді. Ендігі ең бастысы, вокзалдар мен өзге де теміржол нысандарындағы жағдайды үнемі бақылауды ұстау және қарқының баяулатпау, - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.

 

Еліміздің барлық теміржол вокзалдарын қажетті мерзімге дейін вирусқа қарсы құралдармен қамту жөніндегі жұмыстар аяқталды. Осы мақсатқа 40 мың маска, 72 мың жұп қолғап, 5 мың литр антисептик және т.т. сатып алынды. Магистральдық желі бөлімшелері үшін 1000 дозатор жеткізілді. Теміржол вокзалдары әкімдіктер немесе СЭС қамтамасыз еткен тепловизорлармен жабдықталған.

 

Тепловизорлар Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Қостанай сияқты облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар вокзалдарында, сондай-ақ Түлкібас, Манкент, Жарық, Бейнеу вокзалдарында бар.

 

Вокзалдарда температура өлшеу медицина мамандарымен және СЭС қызметкерлерімен жүргізіледі.

 

Барлық вокзалдарда СанПин нормаларына сәйкес тазартулар күніне 4-реттен және де адамдардың жиі шоғырланатын жерлерінде (күту залдарында, касса залдарында) дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып, сағат сайын жүргізіледі. Бұдан басқа, еліміздің барлық облыс орталықтарында СЭС күштерімен вокзал ғимараттарын толық дезинфекциялау жүргізіледі.