Шымкент стансасында транзиттік пойыздардың тұрағы мен өтуі тоқтатылады

Шымкент стансасында транзиттік пойыздардың тұрағы мен өтуі тоқтатылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен су тасқыны кезеңінде жасанды құрылымдар мен тұрақты жол жұмыстарын жүргізу және сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, бірқатар ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар қарастырылып отыр. Өткен жылдар тәжірибесі саралана келіп, барлық өңірлер бойынша 673 қауіпті орындардың (тұрбалар, көпірлер және де өзгелері) тізімі анықталған.

 

Тасқынды су жүріп өту кезеңінде жауапты тұлғалардың тәулікбойғы кезекшілігі, белгілі болған қауіпті орындарға қосымша шолып шығу ұйымдастырылады. Науалар мен арықтар, таулы және субұру арналары аршылып, дренаждық құдықтар, тұрбалар, көпір саңылауларын қардан тазарту жұмыстары аяқталды. Кондициялы емес шпалдармен, рельстік пакеттермен, кесек тастармен жабдықталған 42 шаюғақарсы пойыз құрылды.

 

Мұздарды ұсақтату мен қар көшкінің ұйымдастыру бойынша бұрғылаужару жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар жасалды.

 

Қазіргі мезетте жол дистанцияларымен өздерінше 2 425 текше метр кесек тастар мен 6400 дана кондициялы емес темірбетон шпал даярланды.