Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды

Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды

Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды. Қазіргі таңда "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайтарып алды.

 

Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру көрсетіледі. Сондай-ақ темір жол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр  қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы әңгіме өткізеді.

 

 

Жолаушылар поездарында жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды, қатаң кесте бойынша вагондарда жинау жүргізіледі және дезинфикация ережелері сақталады.