Елдің су айдындарында кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету

Елдің су айдындарында кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету

Жағажай маусымының қызуында еліміздің су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігі мәселелері ең өзекті болып табылады.

Көптеген адамдар үшін суда демалу шағын кемелерде: катерлерде, гидроциклдарда, катамарандарда және басқа жүзу құралдарында сырғанаусыз болмайды.

Осыған байланысты, Көлік комитеті адамдардың жаппай демалатын орындарында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Скутер» акциясын бастады.

Акцияның мақсаты кеме жүргізушілердің шағын көлемді және олардың тұрақтарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын, ішкі су жолдарында жүзу қағидаларын және кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Жаз басталғаннан бері Көлік комитетінің аумақтық органдары 1195 шағын кемелерді тексеріп, 320 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл шаралар өткен жылмен салыстырғанда шағын көлемді флотта апаттылықтың төмендеуіне әкелді.

Шағын көлемді кемеде жеке құтқару құралдары (кеудешелері) киілмеген және тағылмаған адамдардың болуы, осы кемені басқару құқығы жоқ адамдардың шағын көлемді кемені басқаруы, белгіленген тәртіппен тіркелмеген кемелерді басқаруы бұзушылықтардың негізгі түрлері болып табылады.

«Скутер» акциясы 2022 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Бұл ретте Көлік комитеті судағы демалыстың қайғылы жағдайға әкеп соқтырмауын еске салады, кеме капитандары мен шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілері кемелерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауы қажет.