Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту

Транскаспий халықаралық көлік бағдары  бойынша жүк тасымалын дамыту

Ағымдағы жылғы 22 шілдеде "Қазақмыс", "Қазминералс", "Қазхром", "Қазмырыш", "Теңізшевройл" жүк жөнелтушілерінің қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша жүк тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында жүк жөнелтушілер Ақтау және Құрық теңіз порттарындағы сервиске, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қызметіне қанағаттанушылығын білдірді.

Сонымен қатар, ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау кезінде Әзербайжан мен Грузия порттарында шектеулер бар. Осыған байланысты, аталған кеңес барысында Әзербайжан мен Грузияның көлік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен осындай отырысты ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылдың 1-жартыжылдығында ТХКБ аясында 926,5 мың тонна жүк тиелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 есе артық екен.

Министрлік өз тарапынан тұрақты негізде ТХКБ бойынша жүк тасымалын қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді.