PSA International Pte Ltd компаниясымен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық туралы кездесу өтті

PSA International Pte Ltd компаниясымен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық туралы кездесу өтті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова PSA International Pte Ltd өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында PSA International Pte Ltd. компаниясымен көлік-логистика секторында, оның ішінде кедендік және сауда процестерін цифрландыру мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды.  Атап айтқанда, өткізу пункттеріндегі бизнес-процестер, сондай-ақ ҚТЖ және PSA (CALISTA) ақпараттық жүйелерінің интеграциясы қаралды.

 PSA өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдауды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.