Құрметті әріптестер!
Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен мол табыс болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке тілеймін!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін.
Ізгі ниетпен, Самат Гилимов.