Көлік саласындағы ғылым мен практиканың ынтымақтастығы

Көлік саласындағы ғылым мен практиканың ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ұжымы Манасбай Айгүл Есболатқызын «Қазақстан Республикасының теңіз көлік жүйесін мемлекеттік басқаруды жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғауымен құттықтайды. Оған ғылыми дәреже беру Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылында ерекше маңызды оқиға болып табылады.

Айгүл Есболатқызы өзінің еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теңіз порттары бөлімінде бастағаннан бері Қазақстанның теңіз саласын қалыптастыруға тікелей қатысқан деп нық сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы теңіз көлігі саласын реттейтін «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» негізгі Заң қабылданды. Айгүл Есболатқызының кәсіби өсуі Қазақстанның теңіз саласының дамуымен қатар жүрді.

Өз жұмысына деген сарқылмас қызығушылық және табысқа деген ұдайы ұмтылыс оны 2013 жылы Ақтау портын дамыту стратегиясы бойынша магистрлік диссертацияны қорғауға, ал 2017 жылдан бастап осы бағыттағы докторлық диссертациямен жұмысты бастауға жетеледі. Айгүл Есболатқызы өзінің үлгісімен мемлекеттік қызметшінің біліктілігін ғылыми тәсіл призмасы арқылы жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Комитетте халықаралық теңіз ұйымының халықаралық теңіз құқығы институтының (IMO) магистрлері Нұрмаханова Гаухар Сақтағанқызы және Молдахметова Даяна Құсайынқызы жұмыс істейді.

Сонымен бірге, Г.С. Нұрмаханова ИМО-ға мүше мемлекеттердің міндетті аудитін жүргізу үшін халықаралық теңіз ұйымының жұмыс істеп тұрған халықаралық аудиторы болып табылады.

Көлік комитеті біздің қызметкерлерімізге сенімді қадамдармен өз жолын жалғастыруды, өз қызметін батыл бастауды және су көлігі саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізуді тілейді.