ҚР ИИДМ басшысы Румыния Парламентінің бір топ депутатымен кездесті

ҚР ИИДМ басшысы Румыния Парламентінің бір топ депутатымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сенатор Кристиан-Аугустин Никулеску-Цыгырлаш бастаған Румыния Парламенті депутаттарын қабылдады.

Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады.

Келіссөздер қорытындысында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Анықтама үшін:

2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады (2020 жылдың бұл кезеңінде - 1,1 млрд. АҚШ доллары).
Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді. Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар - 1,57 млрд. АҚШ доллары (2005 жылдан 2020 жылға дейін) құрады.