
Ақтау теңіз портына құрамында миллионыншы транзиттік контейнер бар пойыз келіп жетті. Ол Қытайдың Сиань қаласынан Қазақстанның Алтынкөл шекара бекеті арқылы Ақтау портына дейін жеткізілді. Содан кейін фидерлік кемемен Каспий теңізі арқылы «миллионыншы» Әзербайжанның Баку портына, одан әрі Түркияның Мерсин қаласына тасымалданады. Мультимодальдық транзиттік тасымалдар (процесі барысында көліктің бірнеше түрі іске қосылады) сенімділік пен жеткізу жылдамдығы қамтамасыз етіледі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев атап өткендей, ұлттық теміржол компаниясы контейнерлік тасымалдың жаңа көлеміне дайын.
«2010 жылдан бастап Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың тұрақты өсімі байқалып, контейнерлік және мультимодальдық сервистер сегменті үздіксіз дамуда. Біз экспортты белсенді түрде ұлғайтудамыз және контейнерлік тасымалдар географиясын әртараптандыруды жалғастырудамыз. Бүгінде біздер Қытай, ТМД елдері және Орталық Азия бағытында логистикалық тізбектерді пысықтадық және табысты ретке келтірдік», - деп атап өтті Ерлан Қойшыбаев.
Қазақстан үшін негізгі транзиттік дәліз – Қытай-Еуропа-Қытай бағыты. Транскаспий бағыты перспективалы саналады.
«Миллионыншы көрсеткіш қазақстандық транзиттік-көлік жүйесі өсімінің мүмкіндігін, оның зор әлеуетін, сондай - ақ контейнерлерді тасымалдаудың мультимодальдық тізбегі бойынша сервистеріміздің үйлесімділігін айқын көрсетеді, - деп атап өтті «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ Президенті Абай Түрікпенбаев.