Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта

20121 жылғы 23 қарашада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен бірлесіп мүгедек адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өткізілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі темір жол вокзалдарындағы мүгедек адамдар үшін кедергісіз орта жағдайларын атап өтті. Сонымен, бүгінгі күні 136 теміржол вокзалы ұлттық стандарт талаптарына толық сәйкестікке келтірілген, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған. 

Сондай-ақ, Жолаушыларды тасымалдау ережелері аясында барлық мүгедек топтарындағы адамдарға әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүруге 50% жеңілдік белгіленген. «Тұлпар-Тальго» мамандандырылған орындарына билеттерді рәсімдеу 70% жеңілдікпен жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 26 маусымынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеңілдетілген билеттерді онлайн рәсімдеу бойынша «Мейірім» электронды дисконттық картасы енгізілді.

Бұдан басқа, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңында автобустарды мүгедек жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен жабдықтау бойынша талап көзделген