Көлік комитеті "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің"нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді

Көлік комитеті "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің"нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді

 2021 жылғы 11 қарашада Көлік комитеті Норма шығармашылық қызмет, превенция және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысымен аумақтық органдардың және бағынысты ұйымның қатысуымен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодесінің" нормаларын түсіндіру бойынша семинар (жалпы білім беру) өткізілді. Семинар барысында заңнаманың жаңа талаптары, қағидаттары, мерзімдері және жаңашылықтары түсіндірілді.

Сонымен бірге, семинар барысында Комитетпен және аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде өтініштерді қарау тәртібі талқыланды.

Бұдан басқа, қазіргі кезде Комитетпен көлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді Кодекс талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.